Траисов Балуаш Бәкішұлы (1950 жылы туған, Ресей, Орынбор облысы Первомай ауданы Каменное селосы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1995), профессор (1996). Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылым академиясының академигі.

Қысқаша өмірбаяны: 1977 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген (қазіргі Батыс Қазақстан аграрлық университеті). 1977–1992 жылдары осы оқу орнында аға ғылыми қызметкер, халықаралық байланыс және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор. 1993–1994 жылдары «Зерде» ғылыми-өндірістік орталығының директоры болды. 1994 жылдан Сібір ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық мал өсіру институтында ғылыми қызметкер.

70-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1950 жылы туғандар