Ержан Жүнісұлы Кентбаев (8.1.1963 жылы туған, Алматы облысы, Талғар қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2007).

Өмірбаяны

1990 - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) 1994 - аспирантурасын бітірген. 1994-1998 - Осы оқу орнында ассистент. 1998-2005 - доцент. 2005-2008 - кафедра меңгерушісі болып істеді. 2008 жылдан осы университетте инновациялық басқармасының бастығы қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері

«Қазақстанның Оңтүстік-шығысында Hippophae rhamnoides L. плантацияларын өсірудің экологиялық-орманшылық және селекциялық негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Кентбаев 50 ғылыми мақала, 90-нан аса оқу-әдістемелік құралдарының авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:8 қаңтарда туғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары Санат:Қазақстан агрономдары