Дәмелі Сәкенқызы Нұғыманова(29.4.1953, Алматы қ.) – медицина ғылымдарының докторы (1995), профессор.
Алматы мемлекеттік медицина инстиутын (1976, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1976–1979), Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1980–1994) болған. 1995 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында профессоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Ғылыми еңбектер 1994 ж. «Иммунологические сдвиги при респираторных аллергозах, эффективной и неэффективной специфической иммунотерапии» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 110-нан астам ғылым жарияланымның, 2 монографияның авторы."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:29 сәуірде туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы қызметкерлері Санат:Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының профессорлары