Әлібек Бәйкенов (1889 жыл, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы - 1944 жыл, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы) - ақын.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Нартай Бекежановтың концерттік бригадасының құрамында болған. 1943 жылы Республикалық айтыста Орынбай Таймановпен жыр сайысына түскен.

Шығармалары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (3-том, 1966) жинақтарында жарияланды. Ақынның жеке туындылары мен ел арасынан жинаған материалдары Қазақстан ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5

Дереккөздер

Санат:1889 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Қармақшы ауданында қайтыс болғандар Санат:Айтыс ақындары Санат:Халық ақындары