Сары мырза (туған жылы белгісіз – 1689) — би, елші, батыр. Тәуке ханның оң қолы бола білген хас батыр. Найман ішіндегі Матай руынан. 1688–1689 жылдары Тәуке ханның Ресейге жіберген елшілігін басқарып барған. Бірақ шекара мәселелеріне байланысты Ресей елшілікті ұстап қалып, Сары мырза сонда қайтыс болған. Баласы кейіннен матай руына ұран болған — Бөрібай батыр.Қазақ энциклопедиясы, 7 том.
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:Қазақ би-шешендері Санат:Қазақ батырлары