Сарыбұлақ, Сорбұлақ — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл, Сарыбұлақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қобда ауылынан оңтүстікке қарай 37 км жерде, Сауқайың өзенінің бойында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1152 адам (582 ер адам және 570 әйел адам) болса, 2009 жылы 764 адамды (734 ер адам және 390 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 502 адамды (268 ер адам және 234 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1932-1996 жылы қой өсіруге маманданған “Қобда” кеңшарының орталығы болған. Сарыбұлақта кеңшар негізінде құрылған ЖШС жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы елді мекендері