Көкқайнар — Жамбыл облысы, Шу ауданындағы ауыл, Көкқайнар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде, Шу өзенінің Тасөткел бөгеніне құяр тұсында, бұта аралас әр түрлі шөптесін өскен шөлді белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15431413 1659 117,4 712 845 118,7 701 814 116,1

Тарихы Іргесі 1950 жылы Жданов атындағы қой шаруашылығымен айналысатын ұжымшар негізінде қаланған.

Инфрақұрылымы Екі орта мектеп, клуб, кітапхана, музей, дүкен, фельдшер-акушерлік пункт, дүкен және т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы елді мекендері