Түргенбаев Қайрат (30 Наурыз 1960 жылы туған, Алматы облысы) – ветеринария ғылымының докторы (2002).

Қысқаша өмірбаяны: 1982 жылы Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген; 1982–2005 жылдары Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, бөлім меңгерушісі болды; 2005 жылдан директордың ғылыми-зерттеу жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

90-нан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер: