Айнабұлақ – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы бұлақ. Тасшоқы ауылының солтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен шамамен 600 м биіктікте жатыр. Бұлақ жанынан автомобиль жолы өтеді.

Айнабұлақ – Алматы облысы Көксу ауданындағы бұлақ. Достар тауының оңтүстік-шығысында, өзімен аттас ауылдың жанында орналасқан. Бұлақ жанынан мемлекеттік маңызы бар Алматы – Өскемен автомобиль жолы өтеді.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Қазақстан бұлақтары