Ақтомар – Ертіс алабындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданы Тарақты қыстауының оңтүстік-шығысында 23 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 145,5 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 5,2 км2, ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,0 км.

Жағалау сипаты Жағалауы түйетайлы келген. Суы тұзды. Төңірегі ағарып сортаңданған, сазды балшықты келген. Деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том

Дереккөздер

Санат:Май ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы