Ломоносов жотасы — Солтүстік Мұзды мұхиттағы су асты жотасы. Жаңа Сібір аралынан мұхиттың орталық бөлігі арқылы Канада Арктика топаралының Элсмир аралына дейін 1800 км-ге созылып жатыр. Ені - 60 — 200 км. Мұхит түбінен - 3300 — 3700 м-ге дейін көтеріледі. Теңіз деңгейінен ең биік жотасы - 900 м-дей. Беткейлері салыстырмалы түрде тік, каньондары көп, құмдауыт тұнбалармен жабылған.
Ломоносов жотасын 1948 ж. кеңестік ғылыми-зерттеу экспедициясын ашты. М.В. Ломоносов құрметіне аталған.
Санат:География