Шалғайлық авиация — қарсыластың алыс тылында орналасқан құрлықтағы және теңіздегі маңызды нысандарын жойып жіберуге, істен шығаруға немесе әуеден барлау жүргізуге арналған авиация түрі. Негізгі міндеті — қарсыластың тылындағы маңызды нысандарына және ядролық қару ұяларына соққы беру. Оның бөлімдерінде шапшаң әрі алысқа ұшатын бомбалаушы ұшақтар болады. Ұшу-тактикасы сипаттарына, ұшақтардың қаруына және орындайтын тапсырманың өзгешелігіне қарай Шалғайлық авиация бомбалаушы, ракета алып ұшатын және барлаушы авиация болып бөлінеді. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім Сілтемелер Авиация Соғыс Ядролық қару Дереккөздер

Санат:Қарулы күштер