Семейтау – Сарыарқаның қиыр шығыс бөлігіндегі шоқылы аласа тау.
Географиялық орны Абай облысы Семей қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай доғаша иіліп жатыр. Ұзындығы 45 км, ең биік жері – Қарақұс тауы (606 м). Семейтау Шаған, Мырзабек, Мұқыр өзендерінің суайрығы саналады. Батысында бірнеше шағын тұзды көлдер (Қарабастұз, Балықтыкөл, Шұға) орналасқан. Баурайында бірнеше бұлақ бар.
Геологиялық құрылымы Жоғары пермь мен төменгі триастың гранит, сиенит, гранодиоритті жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Беткейлерінде бетеге, жусан және бұта өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңасемей ауданы таулары