Сағи Асанәліұлы Әшімов (18 шілде 1961, Алматы қаласы — 18 қазан 1999, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлық иегері.
Өмірбаяны Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан. Алматы театр және кино институтын бітірген (1983). Кинодағы ең алғашқы рөлі — “өз дәніңді өсір” фильміндегі Қалам (1978). “Мазасыз балалардағы” Әкім (1980) “Ойлануға бір айдағы” Арыстан (1981),Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 “Қаралы сұлудағы” қызметші (1982) “Айсұлу жайлы аңыздағы” Тәуекел хан (1990) 4 сериялы “Шоқан Уәлиханов” телефильміндегі (1982—1984) Шоқан қазақтың тұңғыш көпсериялы “Тоғысқан тағыдырлар” телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдады. Әшімов рөлдеріне шынайылық тән.
Марапаттары Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Дереккөздер
Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері