Қызылөзен — Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ауыл, Қызылөзен ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Форт-Шевченко қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, теңіз жағалауында орналасқанМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 1016 1112 909
Тарихы 1931 жылы балықшылар артелі болып құрылған. 1963 жылға дейін Шевченко атындағы балықшылар колхозы болса, 1963 жылдың қазан айынан бастап, Қызылөзен түйе совхозы болды. 1984 жылы Түпқараған асыл тұқымды қой совхозы құрылған күннен бастап Қызылөзен ауыл кеңесі жұмыс жасадыҚызылөзен . Ауыл 1997 жылға дейін қаракөл қойын өсіретін “Түпқараған” кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде Қызылөзенде және округке қарасты Қаңға ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Ауылда 1 мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, акушерлік пункт, АТС, «Қарағантүбек» ЖШС, 3 жекеменшік сауда нүктесі, кеме жолдарын бағыттайтын Маяк және 38 шаруа қожалығы қызмет істейді.
Көрнекті орындар Ауыл көлемінде тарихи ескерткіштер ескі қорымдар өте көп. Мысалға: Бесінбай қорымы (17-19 ғ.ғ.), Үш там (10-18 ғ.ғ.), Құсым (16-19 ғ.ғ.), Сағындық (10-17 ғ.ғ.), Нұрқабай құдығы (19 ғ.), Бегеш (10-17 ғ.ғ.), Саура жерлері табиғаттың тамаша тартуы.
Дереккөздер
Санат:Түпқараған ауданы елді мекендері