Гүлнәр Ілиясқызы Көлдеева (31.1.1962 жылы туған, Қызылорда қаласы) – филология ғылымдарының докторы (2001).

Қызылорда педагогикалық институтын (1983, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. 1983 - Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы №198-орта мектепте мұғалім болудан бастаған. 1994–1999 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, ғылыми кеңестің ғалым-хатшысы 2001 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады; 1999–2001 жылдары университет жанындағы «Қорқыт мұралары мен ежелгі түркі мәдениетін зерттеу орталығының» аға ғылыми қызметкері болды. Көлдееваның ғылыми-зерттеулері түркі және славян елдерінің мәдени және тілдік қарым-қатынастары, ономастикалық жүйенің Қазақстан халықтарына өзара әсері мәселелеріне арналған. Сонымен қатар қазіргі қазақ тілінің антропонимикалық жүйесі жайында да іргелі зерттеулер жүргізген.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:31 қаңтарда туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары