Шәріпов Исламғали Құрманбекұлы (13 Қараша 1943 – 20 Қараша 2008, Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1997).
Қысқаша өмірбаяны:
1965 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген; 1965–1995 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында ғылыми қызметкер болды; 1995–2008 жылдары Жалпы генетика және цитология институтында ғылыми қызметкер болды.
Қазақстанда адам және ауыл шаруашылығы жануарларының жоғары сапалы хромосомалық препараттарын алу техникасын алғаш меңгерген ғылыми қызметкер.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер:
Санат:Тұлғалар