Ақшат (2018 жылға дейін ЛубенБатыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 52 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 16-6 бірлескен қаулысы мен шешімі.) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, Ақшат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстікке қарай 70 км-дей жерде, Шыңғырлау (Утва) өзенінің сол жағалауындағы құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2244 адам (1084 ер адам және 1160 әйел адам) болса, 2009 жылы 1826 адамды (904 ер адам және 922 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1313 адамды (678 ер адам және 635 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1961-1997 жылдары “Лубенский” астық кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Ақшатта және округке қарасты Отрадное, Сұлукөл, Юбилейное елді мекендерінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылы наурыз айындағы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауылдары мен ауылдық округтері атауларын қайта атау туралы шешімі негізінде Лубен ауылының аты Ақшат болып өзгертілді. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауылдары мен ауылдық округтері атауларын қайта атау туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 52 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 16-6 бірлескен қаулысы мен шешімі.

Дереккөздер

Санат:Шыңғырлау ауданы елді мекендері