Көктерек — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл, Көктерек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарқан қаласынан солтүстікке қарай 91 км-дей жерде, Тесіпаққан өзені жағалауында, жусан, баялыш, күйреуік, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1158791 582 73,6 401 303 75,6 390 279 71,5
Тарихы Іргесі 1965 жылы М.Горький атындағы қой өсіру кеңшары орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде Көктеректе “Көктерек” ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Сарқан ауданы елді мекендері Санат:Жетісу казак әскерінің елді мекендері