Сұрым — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Күркіреусу және Қазбастау темір жол айырмалары аралығындағы темір жолы бекеті, Қызыларық ауылдық округі құрамында. Сұрым арқылы сол маңдағы елдерге тауарлар әкелінеді және сол жердің ауыл шаруашылығы өнімдері сыртқа шығарылады. Атауы кезінде (1930 жылдар шамасында) темір жолы айырмаларын нөмірлеген кезде Шанышқылы руының Сұрым тайпасы атынан қойылған.

Географиялық орны Аудан оралығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен404 393 97,3 190 201 105,8 214 192 89,7

Түркістан-Сібір темір жолы Жуалы жерімен өткен 1910 жылдары шағын бекет, яғни №110 разъезд болып салынған. Алғаш төрт пәтерлі 10 шақты үй салынса, кейін оның төңірегіне ел қоныстана бастайды. 1962 жылы №110 разъезд пойыз тоқтайтын стансаға айналып, оған Сұрым стансасы деген атау берілді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері