Базар – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 182 км, су жиналатын алабының ауданы 15,2 мың км2.
Бастауы Батыс Тарбағатай баурайындағы бұлақтардан бастау алып, Зайсан көліне құяды.
Гидрологиясы Салалары: Талдыбазар, Құлынбұлақ, Ахметбұлақ, Қарабұқа. Көктемде қар және жаңбыр суымен толығады. Базар алабы тұсындағы жылдық орташа ағыны 2,52 м3/с. Суы тұщы, егін мен шабындық суғаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы