Сырдария (2011 жылға дейін – Задария)Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі, Қожатоғай ауылдық округі құрамында болған ауыл. Арыс қаласының құрамына енгізілуіне байланысты 2023 жылы таратылды.Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округінің Сырдария елді мекенін есепті деректерден шығару туралы Бұрынғы Сырдария ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Арыс қаласынан батысқа қарай 2 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен37443861 4020 104,1 1956 2087 106,7 1905 1933 101,5

Тарихы Іргесі 1940 жылы «Задария» қаракөл кеңшарының орталығы болып қаланды. 1962 жылы мемлекеттік асыл тұқымды қаракөл қой зауыты болып қайта құрылды. 1996 жылдан «Задария» ӨК, А.Құлжабаев атындағы мемлекеттік қазыналық «Задария» асыл тұқымды қаракөл қой зауыты болып аталды.

Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, 1 емхана, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 ӨК, 16 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылдан Cоциалистік Еңбек Ері Б.Шүкірбеков, Ленин, Еңбегі Қызыл Ту ордендерінің иегері А.Құлжабаев шыққан. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Арыс қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері