Сазды тақтатастар аспидті тақтатас, жабындық тақтатас — метаморфизм әсерінен сазды минералдары гидрослюдаларға, хлоритке, тағы басқа қосылыстарға айналған шөгінді тау жынысы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Құрамында хлорит, каолинит, кварц, дала шпаттары, карбонаттар, темір сульфидтері және басқа сазды, сазды емес минералдар кездеседі. Кеуектілігі 1%-дай, суда жібіп ісінбейді. Түсі сұр, қара сұр. Органикалық көмірлі заттан тұратын қара түсті түрі аспидті, ал қалыңдығы 2 — 6 мм жұқа тақталы түрін жабындық деп атайды. Сазды тақтатастар литогенез процесінің катагенез, метагенез сатыларында саздың жер қойнауына батып, жоғары қысым мен температураның әсерінен тығыздалып қайта кристалдануынан жаралады. Метаморфизм әсерінен cазды тақтатастар филлиттерге, серицитті, кварц-серицитті, хлорит-серицитті, кристалды тақтатастарға, тағы басқаға айналады. Сазды тақтатастарды құрылыста, электртехникада қолданады. Қазақстанда Сарыарқа өңірінде ірі кендері кездеседі.Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер

Санат:Геология