Ақсу — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Ақсу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жалағаш кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауына орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1673 адам (823 ер адам және 850 әйел адам) болса, 2009 жылы 1276 адамды (623 ер адам және 653 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы 1950-60 жылдары Сталин, 1979-96 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болып келді. 1999 жылға дейін ауыл 22 партсъезд деп аталған. Бұрынғы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары мен ӨК ұйымдастырылған.

Дереккөздер

Санат:Жалағаш ауданы елді мекендері