Қаратөбе ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Бәйтерек ауылы кіреді. Орталығы – Бектөбе ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том 2024 жылы округ құрамында болған Бектөбе, Қызылшарық ауылдары таратылып, Тараз қаласына қосылды.Тараз қаласына іргелес аудандардан 14 ауыл қосылады

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Бәйтерек ауылы 962 571 59,4 480 291 60,6 482 280 58,1 Бектөбе ауылы 2507 4046 161,4 1233 2076 168,4 1274 1970 154,6 Қызылшарық ауылы 634 1054 166,2 327 544 166,4 307 510 166,1 Жалпы саны 4103 5671 138,2 2040 2911 142,7 2063 2760 133,8

Жер көлемі - 11328 га. Ауылдық округте Аманкелді атындағы орта мектеп, Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт бар.

Ауыл маңы табиғаты Аса өзені - ағып өтеді. Өзеннің жағасы қалың тоғай және ашық тастақты аймақтардан тұрады. Бескемпір каналы - бүкіл ауылды суландырады.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) ауылдық округтері