Алмалы (1997 жылға дейін — Плодоягодное) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Алмалы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде, Сырдарияның оң жағалық аңғарында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1494 адам (773 ер адам және 721 әйел адам) болса, 2009 жылы 1276 адамды (648 ер адам және 628 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Іргесі 1952 жылы алма, жүзім көшеттерін жергілікті жерде өндіретін «питомник» ретінде қаланған. 1992 жылға дейін «Плодоягодное» деп аталған. 1976-1996 жылдары «Шиелі» жеміс-жидек кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде Алмалыда және округке қарасты «Орман шаруашылығы» елді мекенінде, ғ20 және ғ21 темір жол айырмаларында ЖШС және шаруа қожалықтары құрылды. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері