Шексіз үлкен шама — математикада абсолют шамасы белгілі бір мәннен бастап алдын ала берілген кез келген үлкен оң саннан артық бола алатын айнымалы шама. у шексіз үлкен шамасының кері шамасы шексіз аз шама болады. Мұндай жағдайда шексіз үлкен шамаларды зерттеу шексіз аз шамаларды зерттеуге келтіріледі. у-тің шексіз үлкен шама болатындығы lіmy= символы арқылы жазылады, мұндағы (“шексіздік”) белгісі — у-тің шексіз үлкен шама екенін көрсететін шартты белгі. Кез келген тұрақты санды, ол қанша үлкен болса да, шексіз үлкен шама деуге болмайды. Әдебиет Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Санат:Математика