Реал газ - қасиеттері молекулалардың өзара әсерлесуіне тәуелді (идеал газдан айырмашылығы) газ; молекулаларының арасындағы өзара әсерлесулер маңызды роль атқаратын газдар.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

Қарапайым жағдайда молекулааралық өзара әсердің орташа потенц. энергиясы молекуланың орташа кинетик. энергиясынан көп кіші болса, онда Реал газ бен идеал газдың бір-бірінен айырмашылығы өте аз болады. Газдардың бұл қасиеттеріндегі айырмашылық жоғары қысым мен төмен температураларда байқалады.Қазақша энциклопедия 7 том

Дереккөздер

Нақты газ

Санат:Газдар