Телжан (2002 жылға дейін — Толбухинское)Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік бөлініс тарихынан (25.04.1921 ж. - 01.01.2017 ж.) — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл, Телжан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Кішкенекөл ауылынан шығысқа қарай 16 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 769 адам (359 ер адам және 419 әйел адам) болса, 2009 жылы 572 адамды (279 ер адам және 293 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қаланды. 1954–1996 жылдары Көкшетау облысы Қызылту ауданындағы астық кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде 1996 жылы ЖШС және 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы елді мекендері