Ұзақбаева Сақыпжамал Асқарқызы (16.10.1949 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қ.) – педагогика ғылымының докторы (1993), профессор (1994) ҚР Педагогика ғылым академиясының академигі (1996). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (1972, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті ) бітірген соң осы институтта оқытушы (1972–76), аға оқытушы, доцент (1981–86), ҚазПИ-де стажер (1976–78, қазіргі ҚазҰПУ), аспирант (1978–81), доцент, профессор (1986–2001), Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры (2001–07); 2007 жылдан Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде профессор қызметтерін атқарады. «Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Сілтемелер ҚазҰПУ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті Дереккөздер

Санат:Тұлғалар