Оралғазы Ақтайұлы Нұркенов (1959 ж.т.) – химия ғылымының докторы (2000), профессор (2001). Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1981). Қазақстан Ғылым Академиясының Химия-металлургия иститутында аға лаборант (1981–1982), ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1984–1985, қазіргі ҚазҰУ) болды. 1986 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтында кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер болып қызмет істейді. Ғылыми еңбектер «Синтез, строение и биологическая активность новых полуфункциональных производных некоторых алкалоидов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 180-нен астам ғылыми жарияланымның авторы. "Қазақ энциклопедиясы"Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Дереккөздер </span>

Санат:Тұлғалар Санат:1959 жылы туғандар