Бейсенбай Сабаев (1924 жылы туған, Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы) – еңбек ардагері. Өмірбаяны Жамбыл зоотехникалық техникумын, Шымкент мұғалімдер институтын, Абай атындағы Алматы педагогика институтын бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Жеңіс күнін Кенигсберг қаласында қарсы алады. 1946 – 55 жылы мектеп мұғалімі, директор, Жамбыл ауданы партия комитетінде парткабинет меңгерушісі, Шу ауданы партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі,1955 – 59 жылы Луговой ауданында колхоздың төрағасы, 1959 – 62 жылы Талас ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, 1962 – 64 жылы Жамбыл ауданы колхоз төрағасы, 1964 – 79 жылы «Қаракемер» кеңшарын басқарды. 1979 – 84 жылы Жамбыл ауданы инспекциясында қызмет істеді. Жамбыл ауданы соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы. Жетістіктері Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Тараз энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1924 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Жамбыл облысы) туғандар Санат:Жамбыл зоотехникалық техникумы түлектері Санат:Шымкент мұғалімдер институты түлектері Санат:Алматы педагогика институты түлектері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан КП Талас аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері