Евгений Иванович Шульгин (1943 жылы туған) – техника ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001).

Қарағанды политехникалық институтын (1967, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. Осы оқу орнында 1967-1977 жылдарында ғылыми қызметкерден электр жабдықтары бөлімі меңгерушісіне дейін жұмыс аттарған. 1977 ж. ғылыми-зерттеу секторының аға ғылым қызметкері. 1982 жылдан ҚарМТУ электр жабдықтау және электротехника кафедраның доценті, профессоры.

90-нан астам ғылыми еңбектің авторы.Ғылыми еңбектері тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мәселелеріне арналған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Шығармалары: Вероятностный метод выбора признака показателя выбросоопасности и его граничных значений для опасных и неопасных пластов (1979); Комплекс шахтной сейсмоакустической аппаратуры АИС-5 (1975); Структурная схема цифровой системы сбора, передачи и обработки сейсмоакустической информации» (2002).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті оқытушылары Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессорлары