thumb|right|200px|Құрманғали Малаев жасаған күбі Құрманғали Мұхаметқалиұлы Малаев (4.3.1938, Алматы) — суретші, қолөнер шебері.

Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеу технологиялық институтының қолданбалы өнер факултетін бітірген.

Малаевтың қайың, үйеңкі, алма ағашынан жасаған күбі, ағаш ожау, өрнекті ағаш шара, оюлы тостаған, той табақ, оюлы әбдіре, сандық сияқты үй жиһаздары мен мөлтек жазулы қыш құмыра, сондай-ақ алтын алқа, күміс сырға, сақина, жүзік, білезік, қапсырма сынды қолөнер, т.б. зергерлік бұйымдары қанық бояулы ұлттық нақышымен, дәстүрлі философиялық, көркемдік эстетикалық танымды білдіретін тарихи сабақтастығымен ерекшеленеді. Малаев жасаған бұйымдар Алматыдағы Орталық мұражай, Өнер мұражайы, Әскерилер үйі, Астана қаласындағы Президент мәдениет орталығы алтын қорынан орын алған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:4 наурызда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Мәскеу технологиялық институты түлектері Санат:Қазақстан зергерлері