Кенжебай, Кенжебайсай – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы өзен. Ұзындығы 76 км, су жиналатын алабы 1620 км2 .
Бастауы Бастауын Бестау (486 м) тауының оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Кенжебайсамай ауылынан төменде тартылып қалады.
Гидрологиясы Арнасы тар, қар және жер асты суымен тоығады. Өзен арнасымен көктемде 5 – 10 күн су ағып, жазда иірімдерге бөлініп тартылып қалады. Кенжебай өзенінің алабы – қысқы мал жайылымы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы