Виктор Васильевич Гурба — Социалистік Еңбек Ері (1966), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген кеншісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лаураеты (1972), техника ғылымының кандидаты (1971). 24 қыркүйек 1914 жылы Украина, Сумы облысы, Глухов қаласында туған.ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.
Еңбек жолы Екатеринбург тау-кен институтын бітірген (1936). 1952–1958 ж. Жезқазған мыс комбинатының бас инженер, Жезқазған тау-кен басқармасының директоры, 1958–1981 ж. Жезқазған кен-металлургия комбинатының директоры болды. 7-ші бесжылдықта жоғары өндірістік табыстарға жеткен.
Жетістігі ҚазақстанКП ОК-інің мүшесі (1976) КСРО (1962) және Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңестерінің (1961-1980) депутаты. КОКП 25-съезіне делегат болып сайланды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972).
Наградалары 2 рет Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1966) Медальдар
Еңбегі мен есімі «Обобщение опыта и исследование технологии добычи руды с применением самоходного оборудования и перспектив повышения ее эффективности в условиях Джезказганского месторождения» - кандидаттық диссертация. Жезқазған, Сәтбаев қалаларында В. В. Гурба есімімен көшелер аталған. Сатпаев қаласының құрметті азаматы атағы (1977)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Виктору Васильевичу Гурбе – 95 лет
Санат:Социалистік еңбек ерлері
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары