thumb|right|200px thumb|right|200px Трансантарктида таулары (Transantarctіc mountaіns) – Антарктидадағы тау жоталарының жүйесі.

Уэдделл теңізінің шығыс жағалауынан Росс теңізінің батыс жағалауына дейін 4 мың км-ге созылып жатыр; ені 200 – 600 км. Батыс және Шығыс Антарктида аралығындағы шекараны құрайды. Трансантрактида тауларына: Пенсакола, Тил, Хорлик таулары, Куин-Мод, Куин-Элизабет, Куин-Александра жоталары, т.б. кіреді. Биіктігі 2000 – 3000 м, ең биік жері – 4528 м (Куин-Мод жотасындағы Керкпатрик тауы). Негізі кристалды тау жыныстарынан, ортаңғы ярус (жікқабат) – шөгінді және магмалық тау жыныстарынан, жоғарғы қабаты – құмтастар мен сазды тақтатастардан тұрады. Жер қойнауында тас көмір қоры бар. Трансантрактида тауларының жағалық бөлігін (Виктория жері) Дж. Росс (1800 – 1862) басқарған ағылшын экспедициясы 1841 жылы ашқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Антарктида тау жүйелері