Кеңбидайық — Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы ауыл, Кеңбидайық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қорғалжын кентінен солтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде, Шишалқар, Зорман көлдерінің аралығында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1124479 324 67,6 229 168 73,4 250 156 62,4
Тарихы Іргесі 1932 жылы қаланған. 1976 жылдан мал бордақылайтын Қорғалжын ауданы арнаулы шаруашылық бірлестігінің орталығы болып келді. 1997 жылдан “Кеңбидайық” ЖШС-тің орталығы болды. Жарма цехы, диірмен жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тұрмыс қажетін өтейтін мекеме, сауда орындары, т.б. бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы елді мекендері