Қалдыкөл – Сырдария алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Түркістан облысы Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жердегі жазықта орналасқан. Теңіз деңгейінен 188 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 13 км2, ұзындығы 6-7 км, ені 2,5-3 км.
Жағалау сипаты Жағасы жайпақ. Жайылмасындағы сор топырақта қамыс, құрақ өседі. Жайылмасы сумен толығып, жаз айларында тартылып сортаңды батпаққа айналады. Суы мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Сауран ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы