Князьдік – князь басқаратын мемлекеттік бірлестіктер мен аймақтардың атауы. Русьте ол, көбінесе, ірі қалалардың атымен (Киев, Рязань, Новгород, Мәскеу Князьдіктері т.б.) аталды. 14 ғ. – 16 ғ-дың басында көптеген Князьдіктер біртіндеп саяси дербестіктен айрылды және Солтүстік-Шығыс Русьтің Князьдіктері бірыңғай Ресей империясының құрамына бірікті. Князьдік деген атау ұзақ уақыт Валахия және Молдовада (Дунай князьдігі), Трансильванияда сақталды. 1879 – 1908 ж. Болгария да Князьдік аталды. Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Кінәздік · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.