Қызылжарма — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылжарма ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Сырдария өзенінің оң тармағы Тентектің бойында.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 4126 адам (2062 ер адам және 2064 әйел адам) болса, 2009 жылы 5484 адамды (2721 ер адам және 2763 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Іргесі 1934 жылы қаланған. Кейіннен осы маңдағы 1936 жылы Ленин атындағы және Тентекөзен артельдері бірігіп, “Комсомол” ұжымшары болып ұйымдасқан.
1938 жылы “Красный пахарь” (Сәдірсай) ұжымшары құрылды. 1950 жылдары ұсақ ұжымшарлар бірігіп, “Комсомол” ұжымшарына, 1961 жылы кеңшарға айналды. 1971 жылы мұнда Қазалы ауыл шаруашылығы техникумы көшірілді. 1992 жылы Қызылжарма Қызылорда қалалық аумақтық-әкімдік басқаруына берілді. Ауылда “Айдай” құс фабрикакасы жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том.
Дереккөздер
Санат:Қызылорда қалалық әкімдігі елді мекендері