Қаршығалы – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 111 км, су жиналатын алабы 1940 км2.
Бастауы Бастауын Бүйіртас, Жаман Қызыларай, Қызыларай тауларындағы бұлақтардан басталып, Қусақ өзенінің сағасына 6 км-дей жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы Аңғары кең, жағасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде 5 – 10 күндей ғана су деңгейі көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 0,10 м3/с. Жайылмасы – шабындық.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы