Кескек – мал емдеуде қолданылатын құрал. Жауыр болған жылқы жарасын қасып, ушықтырмауы үшін мойнына ағашты үшкірлеп, ашамайлап байлап қояды. Кескек байланған мал мойнын бұруға мүмкіндігі болмайды. Жара жазылған соң кескекті шешіп алып тастайды.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер:

Санат:Қазақ салт-дәстүрлері