Мәлік Мырқасымұлы Рақымбаев (9.11.1949 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Жаңаталап а.) – техника ғылымының докторы (2002). 1973 Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1973-1987 Қазақ минералды шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында инженер, 1987-2000 «Казнедра» АҚ-да департамент бастығы және «Қазақстанкаспийшельф» АҚ-да бас маман болды. 2000 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология ин-тындағы «Геодинамикалық зерттеулер орт-ның» директоры қызметін атқарады. Ғылыми еңбектер 60-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы."Қазақ энциклопедиясы" Пайдаланыған әдебиеттер</span>
Санат:1949 жылы туғандар