Абылхан Машани (30 желтоқсан 1954 жыл, Түрікмен КСР, Байрамалы ауданы, Равнина ауылында туған) — бұрынғы Жаңаөзен қаласының әкімі, мұнайшы.

Білімі Қазақ ПТИ (қазіргі ҚазҰТУ) институтын (1977), ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген (2000).

Өмірбаяны 1977 – 1995 жылдары «Өзенмұнай» өндіру басқармасында оператор, бөлім бастығының орынбасары. 1985 – 1995 жылдары Жаңаөзен қаласы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, атқару комитеті төрағасы, Түпқараған аудан әкімшігілінің басшысы. 1995 – 1999 жылдары Жаңаөзен қаласының әкімі. 2000 – 2002 жылдары депутат, экономика, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2006 жылдан «Құрманғазы Петролеум» ЖШС-нің бас директорының жұртшылық және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі кеңесшісі.

Марапаттары «Құрмет» орденімен (2005), т.б. бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер

Санат:Жаңаөзен әкімдері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері