Боранқұл ауылдық әкімдігі – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы әкімшілік бірлік.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том 2017 жылға дейін Боранқұл ауылдық округі деп аталған.Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Боранқұл ауылы.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7277 адамды (3684 ер адам және 3593 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Боранқұл ауылдық округі бойынша 2016 жылы 197 сәби дүниеге келіп, тұрғындар саны 7335 жетті. 40 жас отау шаңырақ көтеріп, отбасы саны 1280-ді құрады. Мектеп жасындағы балалар саны - 1824, мектепке дейінгі балалар саны - 1038, балбақшадағы бала саны - 301, зейнеткерлер саны - 424, оның ішінде 1-еуі Ұлы Отан соғысы ардагері, оған теңестірілгендері - 2, ауған соғысының ардагерлері - 4, тылда еңбек еткендері - 10, мүгедектер саны 142 адамБоранқұл селолық округі əкімінің есебі.
Дереккөздер
Санат:Бейнеу ауданы ауылдық округтері