thumb|right|200px|Владимир Михайлович Колоденко thumb|right|В.Колоденко. "Князь Игорь" операсына жасаған эскизі Владимир Михайлович Колоденко (26.6.1907, Украина, Одесса – 9.8.1980, Алматы) – театр суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1938).

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

20 ғ-дың 20-жылдары Одесса, Свердловск, Томск, Куйбышев қалаларында театр суретшісі, 1932 – 36 ж. Бакудегі Әзірбайжан опера және балет театрының бас суретшісі, 1937 ж. Санкт-Петербург опера және балет театрындағы көркемсурет шеберханасының меңгерушісі болды.

1938 жылдан Қазақ опера және балет театрының (Алматы) бас суретшісі болып, С.С. Гулак-Артемовскийдің “Дунайдың ар жағындағы запорождық” (1941), А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1947), Н.Г. Жигановтың “Алтыншаш” (1949), У.А. Гаджибековтің “Аршин мал алан” мен Р.М. Глиэрдің “Қызыл гүл” (1950), П.И. Чайковскийдің “Ұйқыдағы ару” (1954), Қ.Қожамияров пен Н.Тілендиевтің “Алтын таулар” (1960), т.б. балет пен опералық спектакльдерін көркемдеді.

Декорация мен сахналық жобалау шешімінің ұтымдылығы, айқындығы – оның безендірушілік еңбегіне тән сипаттар болды. Кейін қондырғылы кескіндеме саласында да (“Одесса театры”, “Одессадағы порт”, 1973; “Артек”, “Автобус аялдамасы” 1975; “Аэропорт”, “Алатау”, “Алматы – 77”, 1976 – 77) еңбек етті.

Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдермен марапатталған. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:26 маусымда туғандар Санат:1907 жылы туғандар Санат:Одессада туғандар Санат:9 тамызда қайтыс болғандар Санат:1980 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан театр суретшілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры тұлғалары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Әзірбайжан опера және балет театры тұлғалары Санат:Санкт-Петербург опера және балет театры тұлғалары