Сильвин Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2(Sylvіus, голландия химигі әрі дәрігері Ф.Боэнің (1614 — 72) латынша аты) — галогенидтер класына жататын минералКристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69. Химиялық формуласы: KCl (K — 52,5%, Cl — 47,5%). Изоморфты қоспалары KBr, сирек жағдайларда RbCl, CsCl, ал механикалық қоспалары NaCl (галит) мен Fe2O3. Құрамындағы газ көпіршіктері (N2, CO2, CH4, He, тағы басқа) сильвиннің мөлдір, түссіз кристалдарына сүттей ақ түс береді. Кубтық сингонияда кристалданып, октаэдр, куб тәрізді кристалдар түзеді. Сингониясы — текшелік Агрегаттары тығыз, тұтасқан түйірлі масса түрінде болады. Түсі мөлдір, ақ, ашық қызыл, алқызыл, шыныдай жылтыр, жақсы жымдасқан; қаттылығы 2, тығыздығы 1,9 г/см3. Суда жақсы ериді, дәмі кермек-ащы. Сәуле спектрінің қысқа толқынды және инфрақызыл бөліктерін жақсы өткізеді. Сильвин теңіз шығанақтары мен көлдердің тұзға қаныққан суларынан тұнады. Қазақстанда Орал, Атырау, Ақтөбе облыстарының тұз күмбездері мен тұзды көлдерінде көп мөлшерде кездеседі. Сильвиннен калий қосылыстары дайындалады. Тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашығында, химия өнеркәсібінде, медицинада, тағы басқа қолданылады. Сильвиннің мөлдір кристалдары оптикалық аспаптар жасауға пайдаланылады.
Дереккөздер
Санат:Калий минералдары Санат:Галогенид минералдар Санат:Хлоридтер Санат:Бромидтер Санат:Иодидтер Санат:Калий тыңайтқыштары