Сібір ырғайы () – байсаттар тұқымдасы қызыл ырғай түріне жататын сабағы өте жеңіл, өзегі борпылдақ ағаш. Ел арасында бұл ырғайдың тамыры, сабағы дәрі ретінде пайдаланылады. Қабығын қайнатып, оның суын іш айдауға, несеп тоқтағанда ішеді, гүлі мен жемісі терлетуге қолданылады. Тұқымы мен тұтас жемісінде 33 процентке дейін май болады. Жас гүлінде 0,2—0,3 процент қоймалжың эфир майы бар. жуық түрі бар. Олардың бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 8. Олар: кара ырғай, қызыл ырғай, Сібір ырғайы, аюбадам және басқалары. Жабайы түрлері таулы жерлерде, жазықтағы ормандар арасында өседі. Ырғайлардан дәрі-дәрмек, кәдімгі май, эфир майы шығады.
Тағы қараңыз
Дереккөздер Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Санат:Байсаттар