Талма (құрысу) — Егер бір адам кенет есінен танып, қүлап, қалтырап-дірілдеп, селкілдеп жатса, мына адамның талмасы бар екен дейміз. Ал бұл шын мәнінде дененің құрысуынан болатын жағдай. Талма ми қызметінің бұзылуынан болады. Жас баладағы талмаға себепші — ыстықтың жоғары көтерілуі мен денеде сұйықтың күрт азаюы. Ересек адамдарда талма менингиттен, ми безгегінен немесе уланудан болады. Адам жиі тала берсе, ол қояншықпен ауыратын болуы мүмкін.
Талманың нақты себебін анықтап, оны емдеңіз. Егер жас баланың ыстығы жоғары болса, оны салқын сумен түсіріңіз. Егер жас балада сұйықтың азаю белгілері болса, регидратпен баяу клизма жасаңыз. Дәрігер шақыртыңыз. Талған кезде аузына ештеңе салмаңыз. Менингиттің белгілері байқалса, тез ем қолданып, дәрігер шақыртыңыз. Церебралды безгектен сезіктенсеңіз, безгекке қолданыпатын дәріні шанышыңыз.
Дереккөздер
Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9
Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!
Санат:Алғашқы көмек Санат:Медицина